Этика кодексі
ТСҚ мүшелері — компаниялар бизнесті этикалық тұрғыдан жүргізу міндеттілігін алғанымен және ТСҚ кәсіби этика Кодексін ұстанатынымен бағалы. Заңды компаниялармен әрекет ететін сатушылардың өнімдерін сатып алуда басымдылық көп. Олар сізге өнімді өзіңізге ыңғайлы уақытта тікелей үйіңізге жеткізе алады, олар өнім туралы жақсы хабардар және оның ерекшеліктерін толық сипаттай алады. Компания өкілінен – тікелей сатылым Қауымдастығының мүшесінен, өнімді немесе қызметті сатып ала отырып, ол сатушының тұтынушымен жұмыстың этикалық нормасына сай екендігіне сенімді бола аласыз.
Тікелей сатылымды ұсынатын компаниялардың сатушылары:
• Өзін таныстырады және сізге олардың қандай өнімді сататынын және сізге неліктен жүгінгенгін түсіндіреді
• Өнімді қалай қайтаратынын немесе тапсырыстан бас тартатынын түсіндіреді
• Сіздің жеке өміріңізге қол сұқпаушылықты сыйлай отырып, сізге ыңғайлы уақытта ғана сізге келеді немесе қоңырау шалады
• Өнім туралы әңгімеңізді тоқтату құқығыңызды сыйлайтын болады
Өнімді сатып ала отырып, сіз ТСҚ компаниясының сатушыларынан күте аласыз:
• Олардың тауарларының және қызметтерінің бағасы, сапасы, әрекеті, көлемі және тиімділігі туралы нақты және шынайы ақпаратты
• Түсінікті тілмен жазылған түбіртектерді ұсыну
• Олар ұсынатын компанияның атауын және мекен-жайын және атын хабарлау
• Тауарға кепілді және кепілдік мерзімін толық сипаттау.
ТСҚ мүшесі болып табылатын компаниядан сіз күте аласыз:
• Адамдармен немесе ұйымдармен куаландырылған арыздардың растылығы және өзектелегі
• Барлық арыздардың шынайы фактілерге негізделуі.
Этика Кодексінің әкімшісі
«Адал» (ТҚҚҚБ «Адал») тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестігі тек қауымдастық мүшесі – компания тарапынан ғана емес, компаниялармен келісімге қол қойған сатушылардың (дистрибьюторлар/кеңесшілер) тарапынан да Этикалық кодексінің сақталуын бақылайды.
ТҚҚҚБ «Адал» 1998 жылдан бастап әрекет етуде және үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. «Адал» қоғамдастығының негізгі мақсаты және тапсырмасы болып, азаматтардың тұтыну құқығын қорғау болып табылады. Әрекет етудің 10 жылында ТҚҚҚБ «Адал»-ға тұтынушылардан үш мыңнан аса жазбаша шағымдар келіп түсті, оларға ұйымның көмегімен сотқа дейінгі және сот тәртібімен 80 миллион теңгеден астам материалдық залал және моральдық залал өтелді.
ТҚҚҚБ «Адал» тікелей сатылым бизнесінің мәселелері бойынша барлық мүдделі тұлғаларға кеңес береді, өнімді сату ережелері, тікелей сатылым және қауымдастық мүшелері компания индустриясының өкілдерінің жүріс-тұрысының этикалық стандарттары туралы объективті ақпаратты ұсынады. ТҚҚҚБ «Адал» тікелей телефон желісі мүдделі тұлғаларға күнделікті қол жетімді.
Этика Кодексінің әкімшісінің міндетіне келіп түскен шағымдарды қарау, кодексті бұзу фактісін анықтау және келіп түсетін шағымдар бойынша шешімдерді шығару кіреді. Этикалық кодекс кез келген пайда болатын мәселелерді шешу үшін негіз болып табылады.
ТҚҚҚБ «Адал» БАҚ тарту арқылы ҚР аумағында әрекет ететін құқықтар мен міндеттер туралы тұтынушыларды ақпараттандырады. Одан бөлек, тәуелсіз сараптаманың ұйымдастырушысы болып табылады, сонымен қоса халықаралық ұйымдар үшін де.
Байланыс ақпараты:
Тел. 8(727) 277-80-27
Мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко к, үй 190, Айманов к. бұрышы
ТҚҚҚБ «Адал» Президенті Сейтқалиева Артық Жұмағұловна