ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІКЕЛЕЙ САТЫЛЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӘДЕП КОДЕКСІ (Әдеп кодексі)
КІРІСПЕ
Осы Кодекс:
а) Компаниялар мен олардың ықтимал және осы уақыттағы Тәуелсіз серіктестері және Компания Өнімін Тұтынушылар;
б) Олардың тікелей сатылымдар нарығындағы қызметі процесінде Компаниялар;
в) Жеке өтініш жасаушылар, Әдеп кодексі әкімшісі мен Компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 ҚОЛДАНЫС АУМАҒЫ
Әдеп кодексі адал бәсекелестікті, Тұтынушылардың қажеттіліктері мен олардың қорғалуын, қоғамда тікелей соңғы тұтынушыға әділ жағдайларда сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын сауда ретінде тікелей сатылымдар саласындағы Компаниялар туралы оң имидждің қалыптасуын қамтамасыз ету мәселелерін реттейді және төмендегі бөлімдерден тұрады:
- «Тұтынушылармен қарым-қатынас кезіндегі әдеп»;
- «Компанияның Тәуелсіз серіктестермен қарым-қатынасы кезіндегі әдеп»;
- «Компаниялар арасындағы қарым-қатыс кезіндегі әдеп»;
- «Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету».
1.2 ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ
Осы Әдеп кодексінде қолданылатын терминдер төмендегі мағыналарға ие:
ҚТСҚ – Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығы немесе Қауымдастық;
ТСҚ – WFDSA-ның осы уақыттағы мүшесі болып табылатын кез келген жергілікті Тікелей сатылымдар қауымдастығы;
WFDSA – Дүниежүзілік тікелей сатылымдар қауымдастықтарының федерациясы – жергілікті тікелей сатылымдар қауымдастықтарының коммерциялық емес бірлестігі;
Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығының Әдеп кодексі – ҚТСҚ бекіткен және оның қатысушылары үшін міндетті болып саналатын, Тұтынушылармен, Тәуелсіз серіктестермен, Тәуелсіз серіктестер арасындағы және Компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін ережелер жиынтығы (бұдан әрі «Әдеп кодексі» деп аталады).
Жеке өтініш жасаушылар – Компаниялар, Әдеп кодексінің әкімшісі мен ҚТСҚ-ға ұсыныстар, сұрақтар, шағымдар, наразылықтармен жүгінетін жеке тұлғалар.
Тіркелген ел – Компанияның бас офисі тіркелген ел.
Әдеп кодексінің әкімшісі – ҚТСҚ Компаниялардың осы Кодексті сақтауын бақылау және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес орын алуы мүмкін келіспеушіліктерді реттеу мақсатында тағайындайтын тәуелсіз жеке немесе заңды тұлға.
Компания – бұл тікелей сатылымдар арқылы өзінің тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі немесе өзге де белгілері бар өнімді өткізетін, ҚТСҚ мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым.
Тұтынушы – Тәуелсіз серіктестен немесе Компаниядан өзінің жеке қолдануы үшін Өнім сатып алатын тұлға.
Тәуелсіз серіктес – Өнім сатып алу және/немесе сату құқығына ие, оған Тәуелсіз серіктестер ретінде басқа тұлғаларды тарту құқығы берілуі мүмкін жеке кәсіпкер немесе жеке не болмаса заңды тұлға. Негізінен, Тәуелсіз серіктес Өнімді Тұтынушыға бөлшек сауданың тұрақты, стационар нүктелерінен қашық жерлерде, Өнім жайлы түсіндіру немесе Өнімді таныстыру арқылы сатады немесе өзге де әдіспен таратады.
Тәуелсіз серіктес өз жұмысын тәуелсіз кәсіпкер ретінде жүзеге асырады және Компанияның қызметкері және/немесе агенті болып табылмайды. Тәуелсіз серіктестің басқа кәсіпорындарда толығымен немесе ішінара жұмыс істеуіне және Компания қызметіне байланысты болмайтын бизнесті жүргізуіне болады.
Тапсырыс бланкі – Тұтынушының Компания Өнімін сатып алғандығы туралы айғақты растайтын, қағаз түрінде және/немесе жүктеп алуға болатындай электронды үлгіде болатын құжат.
Өнім – материалдық, сондай-ақ материалдық емес тұтынушылық тауарлар мен қызметтер.
Тарту – Тұтынушы ретінде, сонымен бірге Тәуелсіз серіктес ретінде тұлғаларды тартуға бағытталған қызмет.
Алдағы уақытта өткізуге болатын өнім мынадай қасиеттердің жиынтығына сәйкес болуы тиіс:
пайдаланылмаған, тауар түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, затбелгілері сақталған, сонымен қатар сатып алу айғағын растайтын құжат болуы керек.
Пайда және артықшылықтар – Компанияда қолданылатын жеңілдік жағдайлары мен бонустар.
Қосалқы сауда құралдары – бұл Компания Өнімін алдағы уақытта да өткізуге көмектесетін Өнім.
1.3 КОМПАНИЯЛАР
Әрбір Компания кем дегенде ҚТСҚ құрамына кіру және оның қатысушысы мәртебесін сақтау шарты ретінде осы Кодексті қабылдауға және оның ережелерін сақтауға міндетті болады. Әрбір Компания осы Кодексті, оның Тұтынушылар мен Тәуелсіз серіктестерге қатысы бар ережелерін көпшілікке жариялауға және Тұтынушылар мен Тәуелсіз серіктестер осы Кодекстің бір данасын қай жерден ала алатындығы немесе онымен қайдан таныса алатындығы туралы ақпаратты таратуға міндеттенеді.
1.4 ТӘУЕЛСІЗ СЕРІКТЕСТЕР
Әдеп кодексі Тәуелсіз серіктестерге тікелей міндеттемелер жүктемейді. Алайда, Компаниялар Тәуелсіз серіктестердің Компания Өнімдерін тарату жүйелеріндегі мүшелігін сақтаудың талабы ретінде Тәуелсіз серіктестерден оған сай келетін осы Әдеп кодексінің ережелерін орындауын талап етуі тиіс.
1.5 ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ
Әдеп кодексі нормативтік-құқықтық акт болып табылмайды, бірақ Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестердің Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасы талаптарына сай келетін немесе олардан артық деңгейде болатын нормаларды сақтауына негіз болып табылады.
Әдеп кодексінің орындалмауы азаматтық-құқықтық салдарлардың туындауына әкелмейді. Әдеп кодексінің ережелері олардың ҚТСҚ-дағы мүшелігінің тұтастай кезеңінің ішінде Компанияның қызметіне қатысты қолданылады. Қауымдастықтың құрамына қатысудың тоқтатылуы Компания үшін осы Әдеп кодексінда қарастырылған міндеттемелердің тоқтатылуына әкеледі.
1.6 ЗАҢНАМА
Компания мен Тәуелсіз серіктестер өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізеді, соған байланысты осы Әдеп колексінің ережелері Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестердің сақтаулары тиіс болатын барлық міндеттемелерді қамтымайды. Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестердің Әдеп кодексінің барлық ережелерін сақтауы Компанияларды ҚТСҚ мүшесі ретінде қабылдау және осы мәртебені әрі қарай сақтау үшін міндетті шарт болып есептеледі.
1.7 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР
ҚТСҚ мүшелігіне қабылдау және алдағы уақытта оның мүшесі мәртебесін сақтаудың талабы ретінде тікелей сатылымдар саласында қызмет атқаратын Компаниялар онда Компания жергілікті ТСҚ мүшесі болып табылатын елдерді қоспағанда WFDSA Әдеп кодексін сақтауға міндетті болады.
Егер тікелей сатылымдар саласында қызмет ететін, бірақ ҚТСҚ мүшесі болып саналмайтын Компанияға қатысты шағым түсетін болса, онда бұл елде ол жергілікті ТСҚ мүшесі болатын жағдайда, шағым осы Компанияның бас офисі тіркелген ел арқылы реттеледі. Олай болмаған жағдайда даулы мәселе онда бұл Компания жергілікті ТСҚ қатысушысы болып табылатын кез келген басқа ел арқылы реттелетін болады. Бұл ретте Тікелей сатылымдар компаниясы шағымды Әдеп кодексі әкімшісінде реттеу барысында туындайтын негізді, құжат жүзінде расталған шығындарды төлейді.
Шағымды реттеу үшін төмендегілер басымдықпен қолданылады:
а) онда шағым берілген елдегі Әдеп кодексінің стандарттары;
б) осы Тікелей сатылымдар компаниясының бас офисі тіркелген елдегі Әдеп кодексінің стандарттары;
в) WFDSA Әдеп колексінің стандарттары.
2. ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КЕЗІНДЕГІ ӘДЕП
2.1 РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙТІН ІС-ӘРЕКЕТТЕР
Тәуелсіз серіктестер сатудың адастыратын, жалған немесе әділетсіз әдістерін қолданбаулары керек.
2.2 АҚПАРАТ БЕРУ
Өнімді Тұтынушыға таныстырған уақытта Тәуелсіз серіктес арнайы өтінімдерді күтпестен, Тұтынушыға өзін таныстыруы, өзі, Компания, ұсынылатын өнім туралы дұрыс әрі маңызды мәліметтерді хабарлауы және өзінің Тұтынушыға хабарласудағы мақсатын айтуы керек.
2.3 СИПАТТАУ ЖӘНЕ ТАНЫСТЫРУ
Ұсынылатын Өнімді сипаттау және таныстыру төмендегілерге:
а) баға;
б) төлем жасау шарттары;
в) Өнімді бөліп төлеу арқылы сату шарттары (егер ондай ұсынылатын болса);
г) Өнімді жеткізу шарттары;
д) Өнімді қайтару кезеңі мен саясаты;
е) кепілдіктер және сатылымнан кейін қызмет көрсету шарттарына қатысты нақты әрі толық болуы тиіс.
2.4 ТАПСЫРЫСТЫ РЕСІМДЕУ
Тұтынушы Тапсырысты өнімді сатып алу-сату жүргізілгенге дейін немесе сол уақытта электронды үлгіде немесе қағаз тасымалдауышта жазбаша ресімдейді.
Тапсырысты ресімдеу кезінде төмендегілер көрсетіледі:
а) Компанияның толық атауы және Тәуелсіз серіктестің атауы және/немесе оның аты-жөні;
б) Компания мен Тәуелсіз серіктестің заңды және/немесе нақты мекенжайы;
в) жасалатын сатып алу-сату мәмілесінің деректері немесе ақпарат көзіне берілген сілтеме.
Сондай-ақ, Тапсырысты және/немесе өніммен бірге ұсынылатын өзге де ілеспе құжаттаманы ресімдеу кезінде Өнімге берілетін кепілдіктің шарттары (болатын жағдайда) көрсетіледі, оған мыналар кіреді:
а) сатылымнан кейін қызмет көрсетумен байланысты толық ақпарат пен шектеулер;
б) кепілдік беретін ұйымның атауы мен мекенжайы;
в) кепілдіктің мерзімі және Тұтынушыға ұсынылатын кемшіліктерді жою шарттары.
Мәтін айқын және түсінікті болуы тиіс.
2.5 ӘДЕБИЕТ
Ақпараттық буклеттер (каталогтар), жарнама материалдары мен хабарламаларда өнімге қатысты адастыратын немесе жалған сипаттамалар, мәлімдемелер, тұжырымдар немесе суреттер болмауы керек.
Ақпараттық буклеттер (каталогтар), жарнама материалдарында төмендегідей деректер көрсетілуі керек:
а) Компанияның атауы мен мекенжайы және/немесе телефоны және/немесе интернет-сайтының мекенжайы;
б) Тәуелсіз серіктестің атауы және/немесе аты-жөнін және/немесе мекенжайын және/немесе телефон нөмірін көрсетуге рұқсат етіледі.
2.6 МӘЛІМЕТТЕР
Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестердің қате, маңызы жоқ, ескірген, күшін жойған немесе Компанияның ұсынысына қатысы болмайтын, Тұтынушыны адастыруы мүмкін мәліметтерді пайдалануға құқылары жоқ.
Тәуелсіз серіктес тиісті Компания рұқсат берген мәлімдемелерді қоспағанда, өнімге қатысты қандай да бір мәлімдемелер жасамайды.
2.7 САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ ЖАЛА ЖАБУ
Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестер:
а) Тұтынушыны адастыратын, адал бәсекелестік қағидаларына сай келмейтін салыстыруларды пайдаланудан;
б) басқа Компания не болмаса Өнімнің аты немесе беделі, фирмалық атауы мен тауар белгісін заңсыз қолданудан аулақ болулары керек.
Салыстыру критерийлері құжат жүзінде расталған айғақтарға негізделуі тиіс.
2.8 ӨНІМНЕН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қарамастан, Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестер Тұтынушыға Тапсырыстан бас тарту, қайтару және жеткізіп берілген, алдағы уақытта жаңа өнім ретінде сатуға болатын өнімнің құны бойынша өтем алу құқығын берулері керек.
Өнімді қайтару мүмкіндігі туралы ақпарат нақты көрсетілуі және тікелей сатылым әдісімен, сондай-ақ қашықтан (яғни телефон, пошта арқылы немесе онлайн-тапсырыспен) жүргізілетін сатылымдарға қатысты теңдей деңгейде қолданылуы керек.
Өнімнің қайтарылуын қамтамасыз ету міндетін шектеу немесе одан босатуға тек Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
2.9 ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ
Тәуелсіз серіктестер мен Тұтынушылар арасындағы кәсіби байланыстар кез келген әдіспен құрмет көрсете отырып, орынды уақытта жүзеге асырылады және адамды жалықтырмауы керек.
Тәуелсіз серіктес Тұтынушының талап етуімен Өнімді көрсету немесе таныстыруды тоқтатуға міндетті болады.
Тәуелсіз серіктес оған Сатып алушылар, ықтимал Сатып алушылар және/немесе басқа Тәуелсіз серіктестер тапсырған барлық дербес деректердің тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек.
2.10 АДАЛДЫҚ
Тәуелсіз серіктестер:
а) Тұтынушыларда сауда мәмілелерін жасау тәжірибесінің жоқ екендігін есепке алулары;
б) Тұтынушылардың сенімін теріс мақсатта пайдаланбаулары;
в) Тұтынушының жасын, денсаулық жағдайын, оның тілді білмеуі немесе түсінбеуін өз мүдделері үшін пайдаланбаулары керек.
2.11 НЕГІЗДЕЛГЕН САТЫЛЫМДАР
Компаниялар және Тәуелсіз серіктестердің Тұтынушыны Өнім сатып алуға үгіттеулеріне, сондай-ақ бағаны төмендету немесе өтемақы жасау келешектегі қандай да да бір белгісіз оқиғаларға байланысты болатын жағдайда, Тұтынушыда сатып алу бағасын төмендету немесе толығымен өтеу мүмкіндігінің болатындығы туралы тұжырым жасауына, сол арқылы басқа ықтимал Тұтынушыларды осыған ұқсас сауда жсау мақсатында Тәуелсіз серіктестерге жіберуіне болмайды.
2.12 ӨНІМДІ ЖЕТКІЗУ
Компаниялар және Тәуелсіз серіктестер Тұтынушылардың тапсырыстарын уақтылы орындаулары керек.
3. КОМПАНИЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ СЕРІКТЕСТЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӘДЕП
3.1 ТӘУЕЛСІЗ СЕРІКТЕСТЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУЫ
Компаниялар өздерінің Тәуелсіз серіктестерінен Тәуелсіз серіктестердің Компания Өнімдерін тарату жүйелеріне қатысу шарты ретінде Әдеп кодексі ережелерін орындауын талап етуге құқылы.
3.2 ТАРТУ
Компаниялар жаңа немесе бұрыннан барТәуелсіз серіктестерді тартудың адал және әділетті әдістерін қолданулары керек.
3.3 ІСКЕРЛІК АҚПАРАТ
Компаниялар өздерінің Тәуелсіз серіктестеріне немесе ықтимал Тәуелсіз серіктестеріне беретін кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігіне және осылармен байланысты құқықтар мен міндеттемелерге қатысты ақпараты нақты және толық болуы керек.
Компаниялар:
а) ықтимал Тәуелсіз серіктестерге қандай да бір расталмайтын нақты деректерді хабарламаулары;
б) орындау мүмкін болмайтын уәделер бермеулері;
в) ықтимал Тәуелсіз серіктестерге қате, маңызын жоғалтқан немесе жалған мәліметтер хабарлау арқылы Өнімді сатуға қатысты жақсы мүмкіндіктермен байланысты ақпарат бермеулері керек.
3.4 СЫЙАҚЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕР
Компаниялар Тәуелсіз серіктестермен жасалған келісімнің талаптарына сәйкес олардың жазбаша немесе ауызша сұратуы бойынша:
а) сатылымдар мен сатып алынатын заттардың көлемі туралы;
б) табыстар мен комиссиялық сыйақы туралы;
в) сыйлықақылар;
г) жеңілдіктер;
д) жеткізілімдер;
е) тапсырыстардан бас тарту туралы мәліметтерді ұсынады.
Барлық төлемдер мен ұсталатын ақша компаниялармен жасалған келісімдердің негізінде жүргізілуі керек, тиісті түрде құжат жүзінде ресімделуі және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Тәуелсіз серіктестердің табысы Өнім сату немесе Тұтынушыларға қызмет көрсетудің есебінен құралады. Сондай-ақ ол Өнім сатудан және Тәуелсіз серіктестер мен олардың бизнес-құрылымдарының Өнімді жеке өздерінің пайдалануынан да құралуы мүмкін.
Компаниялар Тәуелсіз серіктестерге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ең төменгі стимулдарды ұсынатын жағдайларды қоспағанда, Тәуелсіз серіктестер сатылымдар жүйесіне басқа Тәуелсіз серіктестерді тартқаны үшін табысқа ие болмаулары керек.
3.5 ТАБЫСТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
- Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестер нақты және ықтимал сатылым көлемдері немесе өздерінің Тәуелсіз серіктестері табыстарының көлемдері туралы қате мәліметтерді хабарламауы керек.
- Табыстар мен сатылымдар туралы мәлімдемелер:
а) шынайы және нақты, адамды адастырушылыққа апармайтын;
б) құжат жүзінде расталған айғақтарға негізделген болуы тиіс.
- Ықтимал Тәуелсіз серіктестер:
а) нақты табыстар мен сатылымдардың әр адамда әртүрлі болатындығы, Тәуелсіз серіктестің дағдылары, жұмсалған уақыты, еңбегі мен басқа да факторларға байланысты болатындығы туралы хабардар болуы;
б) табыс табу мүмкіндігіне баға беруге қажетті жеткілікті деңгейдегі ақпаратқа ие болуы керек.
3.6 ӨЗАРА АРАҚАТЫНАСТАР
Компаниялар өздерінің Тәуелсіз серіктестеріне Тәуелсіз серіктес пен Компания арасындағы өзара қарым-қатынас туралы қажетті барлық ақпарат берілген, қажет болатын жағдайда тараптар қол қойған келісімді электронды үлгіде немесе қағаз тасымалдауышта береді.
Компаниялар Тәуелсіз серіктестерге олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған міндеттері туралы, соның ішінде кез келген тиісті лицензияларды ресімдеу, тіркеу және салық салу бойынша міндеттемелері туралы ақпарат беруге құқылы.
3.7 АЛЫМДАР МЕН СЫЙАҚЫЛАР
Компаниялар Тәуелсіз серіктестер басқа Тәуелсіз серіктестер немесе ықтимал Тәуелсіз серіктестерден Компания бекіткен және негізделген:
а) кіру жарналары;
б) тренингтер немесе жүргізілетін оқып-үйрету үшін төлемақылар;
в) Өнімді өткізу бойынша ерекше құқықтар үшін төлемақылар;
г) жарнама материалдары үшін төлемақылар;
д) Компания Өнімін өткізу жүйесіне кіру және ондағы мүшелікті сақтау құқығына ғана қатысты өзге де төлемақылар сомасынан артық соманың төленуін талап етуге құқылы болмайды.
Өнім бастапқы жиынтыққа енгізілмеген, ал оны сатып алуға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған болса, Компаниялар өтінім беру процесінің барысында Өнім сатып алуды талап ете алмайды.
Компания мен Тәуелсіз серіктестің арасындағы шарттық қарым-қатынастар тоқтатылатын жағдайда, Тәуелсіз серіктестің өтініші бойынша Компания келісімнің тоқтатылуынан 30 (отыз) күн бұрын төленген төмендегідей барлық алымдардың құнын өтеп беруге міндетті болады:
а) кіру жарналары;
б) тренингтер немесе жүргізілетін оқып-үйрету үшін төлемақылар;
в) Өнімді өткізу бойынша ерекше құқықтар үшін төлемақылар;
г)жарнама материалдары үшін төлемақылар;
д) Өнімді жіберуге кететін шығындар;
е) Компания Өнімін өткізу жүйесіне кіру және ондағы мүшелікті сақтау құқығына ғана қатысты өзге де аударымдар.
Өтемақы комиссиялар, Тәуелсіз серіктестің пайдасына жасалған жеңілдіктер, сыйақыларды және Компанияда Тәуелсіз серіктеспен жасалған келісімді орындаумен байланысты туындаған үстеме шығындарды шегеріп тастағаннан кейін жасалады.
Олар іс жүзінде Компанияның сатылымдар жүйесіне Тәуелсіз серіктесті тарту бойынша сыйақы болып есептелетін Тәуелсіз серіктес мәртебесін алумен байланысты кез келген комиссияны алу немесе төлеуге тыйым салынады.
3.8 ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестер оларға Тұтынушылар, ықтимал Тұтынушылар немесе Тәуелсіз серіктес Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес ұсынатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді.
3.9 ӨНІМ САТЫП АЛУ
Компаниялар:
а) Тәуелсіз серіктестерден өнімді негізсіз көп мөлшерде сатып алуды талап етпеуге және итермелемеуге;
б) төменгі деңгейлердегі Тәуелсіз серіктестердің Өнімін сатудан сыйақы алатын Тәуелсіз серіктестердің сыйақы алу құқығына ие болу үшін өздерінің жеке қолдануы немесе әрі қарай қайтадан сату үшін Өнім сатып алатындығына кепілдік беретін саналы түрдегі шараларды қабылдауға міндетті болады.
Тәуелсіз серіктес Компаниямен арақатынасын тоқтатын жағдайда, онда Тәуелсіз серіктестің өтініші бойынша Компания Тәуелсіз серіктестен оның алдыңғы 12 (он екі) ай ішінде сатып алған және әрі қарай қайта сатуға жарамды болатын:
а) сатылмаған өнімін;
б) жарнама материалдарын;
в) қосалқы сауда құралдарын ақысын төлеп сатып алуға міндеттенеді.
Оларды алғаннан кейін Компания Тәуелсіз серіктеске бастапқы сатып алу құнының кемінде 90%-ын қайтаруға міндеттенеді. Оған қоса Компания Тәуелсіз серіктес қайтарылатын Өнімді алғашқыда сатып алған уақытта алған кез келген пайда немесе артықшылықтардың құнын шегеріп тастай алады. Өнімнің құнын төлеп алу саясаты Тәуелсіз серіктестерге анық түрде хабарлануы керек.
Тәуелсіз серіктестен Өнімнің немесе қосалқы құралдардың негізсіз көлемін сатып алуды талап ету немесе соған итермелеу әділетсіз және Компания немесе Тәуелсіз серіктес үшін адам тарту тәжірибесіне сәйкес адастыратын әдіс болып саналады. Әдеп кодексінің әкімшісі Тәуелсіз серіктесті Компания мен Тәуелсіз серіктестің осындай тыйым салынған әрекеттің нәтижесінде елеулі түрдегі қаржылық шығындардан қорғайтын кез келген құқықтық қорғау құралын пайдалана алады.
Әдеп кодексінің әкімшісі Компанияның Тәуелсіз серіктестер тартудың әділетсіз, соның ішінде жалған немесе адамды адастыруға апаратын әдістерін қолданып отырғандығын анықтайтын болса, ол Өтініш жасаушы бұрын сатып алған Өнімді, жарнама және қосалқы құралдардың құнын төлеп сатып алуды қоса алғанда, Тәуелсіз серіктесті Компания мен Тәуелсіз серіктестің осындай тыйым салынған әрекеттің нәтижесінде елеулі түрдегі қаржылық шығындардан қорғайтын кез келген тиісті құқықтық қорғау құралын пайдалана алады.
3.10 ӨЗГЕ ДЕ МАТЕРИАЛДАР
Компаниялар Тәуелсіз серіктестерге Компания саясаты мен процедураларына сәйкес келмейтін кез келген материалдарды сатуға немесе басқалардың сатып алуын талап етуге құқылары жоқ. Компания бекіткен жарнама материалдарын немесе баспа түріндегі немесе электронды үлгідегі оқу әдебиетін сатумен айналысатын Тәуелсіз серіктестер:
а) Компанияның корпоративтік стандарттарына сәйкес келетін материалдарды ғана пайдалануға;
б) төменгі деңгейдегі Тәуелсіз серіктестердің қосалқы сауда құралдарын сатып алуын талап етпеуге;
в) сатылымдарды ынталандыруға бағытталған құралдарды нарықтағы осы сияқты материалдар бағасына тең болатын әділ бағамен ұсынуға;
г) осы Тәуелсіз серіктест ынтымақтастықта болатын Компанияның саясатына сәйкес келетін Өнімді қайтаруға қатысты саясатты жазбаша түрде беруге міндетті.
Компаниялар Тәуелсіз серіктестер пайдаланатын сатылымдарды ынталандыруға бағытталған құралдардың осы Әдеп кодексінің ережелеріне сәйкес болуы және шынайы емес немесе бағыттан адастыратын сипатқа ие болмауына негізделген қажетті орынды шараларды қабылдауға міндетті.
Тәуелсіз серіктестерге шын мәнінде Тәуелсіз серіктестерді тарту үшін сыйақы болып табылатын Тәуелсіз серіктес мәртебесін алу және/немесе оны сақтауға қажетті оқу және жарнама материалдарын сату бойынша өтемақы төлеуге тыйым салынады.
3.11 ТӘУЕЛСІЗ СЕРІКТЕСТЕРГЕ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫП-ҮЙРЕТУ
Компаниялар Тәуелсіз серіктестерге өз қызметтерін белгіленген әдеп стандарттарына толықтай сәйкестікте жүргізуді үйретуге бағытталған тренингтер өткізіп тұрады.
4. КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ӘДЕБІ
4.1 АРАҚАТЫНАС
Компаниялар өз қызметін дұрыс бәсекелестік және ҚТСҚ басқа мүшелеріне деген құрмет көрсету бағытында жүзеге асырады.
4.2 ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК
Компаниялар мен Тәуелсіз серіктестер өздерінің кәсіпкерлік қызметін басқа Компаниялармен бірлесіп жүргізетін Тәуелсіз серіктестерді өз жақтарына тартпаулары керек.
4.3 ЖАЛА ЖАБУ
Компаниялар өздерінің Тәуелсіз серіктестеріне басқа Компанияның өніміне, сатылым көлеміне және маркетингтік жоспарларына қатысты немесе басқа Компанияның қандай да бір басқа да сипаттарына қатысты жалған мәліметтер таратпаулары керек.
5. ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
5.1 КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Компания және оның Тәуелсіз серіктестерінің осы Әдеп кодексін орындауымен байланысты негізгі жауапкершілік әрбір Компанияға жеке-жеке жүктеледі. Осы Әдеп кодексінің кез келген ережесі бұзылған жағдайда, Компаниялар туындаған дауды шешу үшін барлық саналы іс-шараларды қолданатын болады.
5.2 ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ӘКІМШІСІ
Әдеп кодексінің әкімшісі:
а) Компаниялардың Әдеп кодексін сақтауын бақылау;
б) шағымдар мен наразылықтарды реттеу процедурасына қатысты ережелер жиынтығын әзірлеу;
в) шағымдар мен наразылықтарды реттеу;
г) Тұтынушылар мен Компаниялардың осы Әдеп кодексін бұзу айғақтарымен байланысты кез келген реттелмеген шағымдар мен наразылықтарын шешу бойынша жауапкершілік алады.
5.3 САНКЦИЯЛАР
Әдеп кодексі әкімшісінің шешімі бойынша қолданылатын санкциялардың құрамына төмендегілер кіреді:
а) тапсырысты болдырмау;
б) сатып алынған Өнімді қайтару;
в) төленген қаржыны қайтару;
г) Компания және/немесе оның Тәуелсіз серіктесінің атына ресми ескерту жасау;
д) Тәуелсіз серіктес пен Компания арасындағы ынтымақтастықты тоқтату немесе бұзу;
е) Компанияны ҚТСҚ құрамынан шығарып тастау;
ж) аталған әрекеттер мен санкцияларды көпшілікке жария ету;
з) бұзушылық жағдайының сипатына сәйкес келетін өзге де шаралар.
5.4 ДАУЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
ҚТСҚ мен Әдеп кодексінің әкімшісі түсетін барлық шағымдарды тез арада шешу мақсатында шағымдарды қарау процедурасын әзірлейді және енгізеді. Сондай-ақ, жеке шағымдарды қарастыруға қатысты корпоративтік ережелеріне сәйкес Компаниялар түсетін барлық түсетін шағымдар мен наразылықтарды дереу шешуді қамтамасыз ету мақсатында шағымдар мен наразылықтарды қарау процедурасын әзірлеуге, жариялауға және енгізуге міндетті.
5.5 БАСЫЛЫМ
Барлық Компаниялар ҚТСҚ Әдеп кодексін өзінің Тәуелсіз серіктестері мен Тұтынушыларына ұсыну арқылы жариялауға міндетті.
Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығының қатысушылары 20.12.2018 ж. бекіткен