Тікелей сауда дегеніміз не?

Тікелей сауда – бұл өнімдер мен қызметтерді тұтынушыларға арнайы жабдықталған сауда орындарынан тыс жерде бөлшек сату әдісі. Әдетте бұл өнімді бір адамға немесе топқа көрсетуге ыңғайлы жерде тұтынушымен жеке кездескен кезде жүреді. Тікелей сауда негізінде сатушы мен тұтынушының бетпе-бет кездесуі жатыр. Бұл саладағы компаниялардың тәуелсіз кеңесшілері өз бизнестері мен сату желілерін өнімді өзіне және отбасына сатып алудан бастаған.

Тікелей сату әдістері

Тет-а-тет көрсету (рerson-to-person) – бұл сатудың кеңінен тараған әдісі. Бұл кезде кеңесші потенциалды тапсырыс берушімен, мүмкін оның отбасымен де алдын ала келісім бойынша кездесіп, өнімдерді көрсетеді, әр өнімнің әсері мен қызметін түсіндіреді.
Топқа көрсету (party plan) кеңесшілердің алдын ала келісім бойынша бір жерге жиналған адамдар тобына тауарларын немесе қызметтерін жарнамалауына мүмкіндік береді. Бұл стратегия сатушылардың арасында кеңінен таралған, себебі тұтынушыларды тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетеді.

Маркетинг жоспары

Бұл компаниялардың кеңесші жұмысына өтемақы ұсыну және көтермелеу жөніндегі тактикасы. Маркетинг-жоспардың бірнеше түрі бар, ал Қазақстанда оның екеуі кеңінен таралған:
Бірдеңгейлі маркетинг (SLM – Single-level marketing) – компаниялардың кеңесшілері тек өз саудалары үшін ғана сыйақы алады.
Көпдеңгейлі маркетинг (MLM – Multy-level marketing) жағдайында компаниялардың сатушылары жеке саудадан алатын сыйақыларынан бөлек, өздері жинаған, үйреткен және ынталандырған командаларының саудасынан қосымша сыйақы алу мүмкіндігін иеленеді.

Компаниялар

Желілік маркетинг принциптерін қолданатын компаниялар бір елде ғана әрекет етуі немесе әлемнің көптеген елдеріне таралуы да мүмкін. Шағын компаниялардың айналымдары жылына бірнеше жүз мыңдаған доллардан жоғары болса, орташа және ірі компаниялардың айналымдары миллиард доллардан асады. Желілік компаниялардың көпшілігі өздері тарататын тауарларды өндіреді және тауар өндіру процесін толығымен қадағалайды. Олар тауарларды зерттеуге, дайындауға және жақсартуға, сондай-ақ тауар таратумен айналысатын кеңесшілерді оқытуға көптеген қаражат жұмсайды. Әдетте желілік компаниялар ұлттық деңгейде де, әлемдік деңгейде де әлеуметтік қызметтерге белсене араласады.

Өнім

Тікелей сауда әдісін кез келген тұтыну өнімдерін сату үшін пайдалануға болады. Косметика, күтім жасауға арналған құралдар, денсаулық пен салауатты өмір салтын қолдауға арналған өнімдер, сондай-ақ үйге арналған тауарлар – осы саланың кеңінен таралған түрлері. Азық-түлік тағамдары, зергерлік әшекейлер, киім, кітап, ойыншық және т.б. секілді заттар да бұл салада өз орнын алып отыр.

Тікелей сауданың артықшылықтары

Тікелей сауда индустриясындағы жұмыс тауар рыногының барлық категорияларына қатысушылар үшін тиімді және тәуекелсіз, әрі күйзеліссіз жеке бизнес жүргізудің ең танымал әдістерінің бірі болып табылады. Тікелей сауда тоқсаныншы жылдардағы мемлекет саясатының басым бағыты болған және тіпті XXI ғасырдың тенденциясына айналып отырған шағын бизнесті дамытуға айтарлықтай үлес қоса отырып, көптеген адамдардың теңдей мүмкіндіктермен жеке бизнестерін ашуларына қолғабыс болып отыр. Тікелей саудада тартымды нәрсе көп:
• Икемді жұмыс кестесі
• Офистік саясаттың, басшының және «жұмыстан шығып кетемін» деген қорқыныштың жоқтығы
• Үйде қолайлы жұмыс істей отырып, жеке бизнесін дамыту, жұмысқа бару үшін артық уақыт пен қаражат шығындамау
• Отбасымен бірге көбірек уақыт өткізу
• Өз ойын білдіру және адамдармен белсенді қарым-қатынас жасау
• Деңгейі салынған күш-жігерге байланысты анықталатын қосымша табыс табу мүмкіндігі.
• Тікелей саудамен кез келген адам айналыса алады. Жасына, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, қаржы немесе денсаулық жағдайына талап қойылмайды
• Компанияның бастамасымен тұрақты оқыту және қолдау
• Тікелей сауда – өсіп келе жатқан индустрия

Тікелей сауда қосымша табыс алу мүмкіндігіне ие болғысы келетіндер үшін және сол немесе басқа себептермен толық немесе жартылай жұмыспен қамтылу көңілінен шықпайтындар үшін дәстүрлі жұмыстың баламасы болып табылады. Көптеген жағдайларда тікелей сауда белгілі бір табысқа жеткен және толық жұмыспен қамтылуда осы индустриядағы өзінің тәуелсіз бизнесін жалғастыруды қалайтын адамдар үшін толыққанды мансап болады.
Тікелей сауда компанияларында жеке бизнес ашу көп қаражатты қажет етпейді. Әдетте тауар таратушы арзан жиынтық сатып алады, сонымен қатар минималды немесе нөлдік капитал мен құрал қажет болады. Компания бүкіл өнімді орталықтандырылған, тиімді етіп, барлық процестерді арзандатып шығарады және жеткізеді, Кеңесшіні шығыннан және артық әурешіліктен құтқарады. Сонымен қатар тікелей сауда инновациялық және айрықша тауарлар үшін дистрибуция каналын ұсынады, себебі бәсекелестерінің жарнамаға жұмсаған мол шығындарымен бәсекелесе алмайтын компаниялар үшін бұл тауарлар дәстүрлі дүкендердің сөрелерінде болмайды.
Тұтынушылар үшін тікелей сауда қолайлы және сапалы қызмет көрсететіндігімен тиімді, оған қоса өнімдердің ерекшеліктерін толық сипаттап береді, жеке көрсетеді, үйге жеткізеді және сапасына кепілдік береді.
Тікелей сауданы «тікелей маркетинг» немесе «қашықтықтан сату» ұғымдарымен шатастырудың қажеті жоқ, себебі олар БАҚ-тың бір немесе бірнеше түрінде жарнама орналастыруға әкелетін маркетингтің интерактивті жүйесі болып табылады. Дегенмен тікелей сауда ұйымдары өз бизнестерін дамыту үшін тікелей маркетингтің немесе қашықтықтан сатудың кейбір әдістерін пайдалана алады. Маркетингтің осы екі түрінің басты айырмашылығы – бұл жеке (тет-а-тет) көрсету, ол тікелей сауда индустриясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстандағы тікелей сауда