Қазақстанның тікелей сауда ассоциациясы (ҚТСА)

Қазақстанның тікелей сауда ассоциациясы (ҚТСА) – 2005 жылы тікелей сауда индустриясын дамыту үшін тауар өндіру және тауарды тікелей тұтынушыға сату саласындағы жетекші фирмалар құрған заңды тұлғалар бірлестігі. Оның құрылуының негізгі шарты және алғышарты тұтынушылардың құқығын қорғау және бизнес жүргізудің этикалық стандарттарын сақтау болып табылады.

Компаниялардың, сатушылардың және тұтынушылардың арасындағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында ҚТСА-ға қатысушылар Этика кодексіне (Кодекс)  сәйкес әрекет етуге келісті. Оның стандарттарында қарастырылған этика нормалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған нормаларға қатысты өте жоғары болып табылады. Осы кодексті сақтауға кепілдік беру – бизнесті өнім сапасын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы дүниежүзі бойынша қабылданған стандарттарға сәйкес жүргізуді білдіреді. Бірқатар елдердің сатып алушыларын тауар сататын компанияның жергілікті ТСА мүшесі болып табылатындығы немесе табылмайтындығы толғандырады.

2010 жылдың 1 қазанынан бастап  Этика кодексінің администраторы (Администратор) «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік болып табылады. Администратор Этика кодексінің сақталуын қадағалайды, сонымен қатар туындаған барлық сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі.

Мақсаттары мен қызметтері

  • Қазақстан Республикасында тікелей сауда индустриясын дамыту. Аудиторияны жұмыс жүйесімен, компаниялардың идеалдарымен, мүмкіндіктерімен және келешектерімен таныстыру.
  • Ассоциацияға мүше-компаниялар ұстанатын өнім маркетингі моделінің және бизнес жүргізу стилінің іскери этика мен тұтынушылармен жұмыс істеудің ең жоғарғы стандарттарына сәйкес болуын қамтамасыз ету.
  • Тікелей сауданы сауда қызметінің бір түрі ретінде мемлекеттік билік органдарымен, тұтынушылар ұйымдарымен және ҚР бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесе отырып қолдау.
  • Тікелей сауда рыногына қатысушылардың және олардың тұтынушыларының мүдделерін қорғау. Салаға қатысушылар тарапынан туындайтын барлық шағымдарды егжей-тегжейлі талдау және оларды реттеу және пайда болу себептерін жою шараларын қабылдау.
  • Қазақстандағы тікелей сауда компанияларымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін сатушылардың және тұтынушылардың құқығын қорғаудың дүниежүзі бойынша қабылданған жүйесін енгізу.
  • Қазақстандағы пирамидалық және алаяқтық әрекеттер пайда болу қаупін түсіндіру, сондай-ақ антипирамидалық заң жасауға көмектесу.

Ассоциация құрылымы

1-тарау. Мүшелер

Өз қызметін тікелей сауда саласында жүзеге асыратын және Ассоциация жарғысын сақтайтын заңды тұлғалар Ассоциацияға мүше бола алады. Ассоциация  мүшелері Құрылтайшылар, сонымен бірге Ассоциация Жарғысында қарастырылған шарттарға сәйкес мүше болған, жылдық жарна төлеп отыратын және Жарғы ережелерін орындайтын жаңа заңды тұлғалар болып табылады. Ассоциацияға Аға мүшелер, Толық мүшелер, мүшелікке кандидаттар және Ассоциацияланған мүшелер кіреді; мұндай мүшелердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері төменде баяндалады..

2-тарау. Аға мүше.

Өкілдер кеңесі екі жылдан аса мерзім ішінде Ассоциацияның Толық мүшесі болып табылатын және Қазақстан Республикасының территориясында екі жылдан аса мерзім ішінде тікелей саудамен айналысатын компанияларды, олар Өкілдер кеңесі белгілеген шарттарды, алымдар мен жарналарды төлеуді қосқанда, сақтаған жағдайда және тұтынушылар, тұтынушы ұйымдар, мемлекеттік реттеуші органдар тарапынан шағым түспеген жағдайда Ассоциация құрамына Аға мүше ретінде қабылдауға құқылы. Әрбір Аға мүше қандай да бір жеке тұлғаны Өкілдер кеңесі директорларының бірі ретінде тағайындай алады, сонымен қатар мұндай тұлға Кеңесте екі дауысқа ие. Егер Директор өзінің өкілеттік ету мерзімі ішінде қайтыс болса немесе ерікті түрде орнынан босаса немесе босатылса, оны тағайындаған Аға мүше (бұл Аға мүше өзінің осы құқығын сақтап қалған жағдайда) ол Директордың орнына басқа жеке тұлғаны тағайындауға құқылы. Тағайындалған өкіл туралы жазбаша хабарлама Ассоциацияның Атқарушы директорына жыл сайын жіберіліп отырады. Аға мүшелер Ассоциация логотипін өздерінің хаттарында, жарнама материалдарында, корреспонденция мен құжаттарында пайдалануға құқылы.

3-тарау. Толық мүше.

Өкілдер кеңесі бір жылдан аса мерзім ішінде Ассоциацияға мүшелікке кандидат болып табылатын және бір жылдан аса мерзім ішінде тікелей саудамен айналысатын компанияларды, олар Өкілдер кеңесі белгілеген шарттарды, алымдар мен жарналарды төлеуді қосқанда, сақтаған жағдайда және тұтынушылар, тұтынушы ұйымдар, мемлекеттік реттеуші органдар тарапынан шағым түспеген жағдайда Ассоциация құрамына Толық мүше ретінде қабылдауға құқылы. Әрбір Толық мүше қандай да бір жеке тұлғаны Өкілдер кеңесінің директорларының бірі ретінде тағайындай алады, сонымен қатар мұндай тұлға Кеңесте бір дауысқа ие болады. Егер Директор өзінің өкілеттік ету мерзімі ішінде қайтыс болса немесе ерікті түрде орнынан босаса немесе босатылса, оны тағайындаған Толық мүше (бұл Толық мүше өзінің осы құықығын сақтап қалған жағдайда) ол Директордың орнына басқа жеке тұлғаны тағайындауға құқылы. Тағайындалған өкіл туралы жазбаша хабарлама Ассоциациясының Атқарушы Директорына жыл сайын жіберіліп отырады. Толық мүшелер Ассоциация логотипін өздерінің хаттарында, жарнама материалдарында, корреспонденция мен құжаттарында пайдалануға құықылы.

4-тарау. Мүшелікке кандидат.

Өкілдер кеңесі компанияларды, олар Өкілдер кеңесі белгілеген шарттарды, алымдар мен жарналарды қосқанда, сақтаған жағдайда, Ассоциация құрамына қабылдауға құқылы. Тікелей саудамен айналысатын, қазақстандық рынокқа шықпаған, бірақ шығу ойы бар немесе рыноктағы жағдайды бақылаушы компаниялар мүшелікке кандидат бола алады. Мүшелікке қандидат қандай да бір жеке тұлғаны Өкілдер кеңесі мүшелерінің бірі ретінде тағайындай алмайды.

5-тарау. Ассоцияланған мүше.

Өкілдер кеңесі Ассоциация құрамына өздері тікелей саудамен айналыспайтын, бірақ тікелей саудамен айналысатын компанияларға тауарлар және/немесе қызметтерін ұсынатын компанияларды Ассоциацияланған мүшелер ретінде қабылдауға құқылы. Ассоциацияланған мүше қандай да бір жеке тұлғаны Өкілдер кеңесі мүшелерінің бірі ретінде тағайындай алмайды.

6-тарау. Ассоциация мүшелігінен шығару.

Егер Ассоциацияға мүше-компанияның қызметі Ассоциацияның принциптеріне және (немесе) мақсаттарына кедергі келтіретін болса, сонымен қатар алымдар мен жарналарды Өкілдер кеңесі белгілеген мөлшерде және тәртіпте төлемеуді қосқанда, Өкілдер кеңесі мүшелерінің дауыс беруге құқылы соңғысы көпшіліктің даусымен осы компанияның Ассоциация мүшесі қатарынан шығару туралы шешім қабылдайды (мұндай жағдайда Ассоциация мүшесі ретінде қалуы-қалмауы мәселесі қарастырылып жатқан Ассоциацияға мүше-компанияның директорының дауыс беруге құқығы жоқ). Осындай шешім қабылданғаннан кейін Ассоциацияның бұрынғы мүшесі болған компания Ассоциация мүшесі ретінде құқығынан немесе артықшылығынан айырылады, және осыған байланысты Ассоциациядан немесе оның кез келген лауазымды тұлғасынан, директорынан, қызметкерлерінен немесе агенттерінен шығындарды өтеуге немесе өзге де өтемақы талап етуге құқығы жоқ.

7-тарау. Ассоциация мүшелері құқылы:

Ассоциация Жарғысында көрсетілген шарттарға сәйкес, Ассоциация ісін басқаруға қатысуға; Ассоциацияның қызметі, жоспарлары және бағдарламалары туралы ақпараттар алуға;
Өкілдер кеңесі жиналысының күн тәртібіне өзгерістер енгізуге; Ассоциацияның басқарушы органдарына оның қызметіне байланысты кез келген мәселе бойынша өтініш жасауға;
Ассоциациядан консультациялық, әдістемелік, заңдық және басқа көмектер алуға;
Ассоциация Жарғысында қарастырылған шарттарға сәйкес, Ассоциацияның ақпараттық базасын пайдалануға арналған айрықша құқықты, Ассоциация шығаратын өнімдер мен қызметтерді;
Ассоциация шеңберінде құрылған кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерін келісім негізінде пайдалануға; мүлікті Ассоциация меншігіне беруге.

8-тарау. Ассоциация мүшелері міндетті :

  • Ассоциация қабылдаған Жарғыны, сондай-ақ басқа да нормативтік құжаттарды сақтауға;
  • қызметіне қатысуға;
  • мерзімдік (жылдық) және мақсатты жарналарды Өкілдер кеңесі белгілеген көлемде уақтылы төлеп тұруға;
  • Оның қызметіне байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті ақпараттар беруге.

Ассоциацияға оның мүшелері залал келтірген жағдайда, залалды сот шешімімен толық көлемде өтейді. Келтірілген залалдың орнын толтыру үшін белгіленген сома шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде есептік шотқа салынуы қажет.  Өз міндеттерін жиі орындамайтын немесе салдыр орындайтын, сондай-ақ өзінің Ассоциация алдында қабылдаған міндеттемесін бұзған, өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен Ассоциацияның қалыпты жұмысына кедергі келтірген Ассоциация мүшесі Ассоциация Жарғысында қарастырылған шарттарға сәйкес, Өкілдер кеңесінің шешімі бойынша оның құрамынан шығарылады.

Қауымдастың қатысушылар